Астанада Бас прокуратура ғимаратының маңында көліктер соқтығысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Мәңгілік ел даңғылы бойындағы ҚР Бас прокуратурасының ғимараты маңында жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жол апаты таңғы сағат 8:30-да болған. Алдын ала дерек бойынша, Достық көшесіне бет алған Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі Мәңгілік ел даңғылымен келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан Honda маркалы көлікпен соқтығысқан.

Volkswagen Passat жүргізушісі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. 

Соңғы жаңалықтар