Астанада баламалы энергияның жаңа көзі пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Smartflower жүйесі күн шуағын электр қуатына айналдыруға мүмкіндік береді. Қондырғы елорда подстанцяларындағы ауыртпашылықты әлдеқайда азайта. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің сайты хабарлайды.

Әзірге Астанада осындай екі қондырғы гүл пішінінде орнатылған, олар Ұлы дала даңғылы мен әуежайдан шыға берісте тұр. 

Жобаны құрастырушылардың айтуына қарағанда, құрылғы Австрия технологиясы бойынша орындалған. Ноу-хауды орнату үшін қалалық бюджеттен қаржы қажет болмаған. Баламалы энергия көздері инвесторлардың қаражатына жасалған.

«Бұл қондырғы екі есе кВт энергия өндіре алады және ол энергияны қала желісіне жібереді. Осыдан энергияның электр қуатын үнемдейміз. Қала желісіндегі жүктемені жеңілдетеміз, қала қазынасы да үнемделеді», - деп атап өтті жоба жетекшісі Рүстем Қадыров.   

Соңғы жаңалықтар