Астанада алғаш рет ҚХЛ жұлдыздарының кездесуі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 2018 жылдың 10 қаңтар күні ҚХЛ Жұлдызды апталығы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің медиа орталығына сілтеме жасап. 

Қаңтар айында құрлық, жастар және әйелдер хоккей лигалары есте қаларлық шоу сыйлайды. Еліміздің астанасында өтетін хоккей апталығында «Барыс Арена» мұз айдынына 10 қаңтар күні бірінші болып әйелдер лигасының үздіктері шығады. Өткен жылдағыдай «Сұлулар Лигасы» жұлдызды матчтың басты жүлдесі үшін «Шығыс» және «Батыс» болып ойнайды.

Үзілістерде ӘХЛ үздіктері жылдамдыққа, техникалық ойынға байланысты түрлі жаттығу көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісетін болады. Жұлдызды команда құрамына қазақстандық  «Томирис» әйелдер клубының екі ойыншысы кіреді. Ойын 10 қаңтар күні сағат 16:00-де басталады.

11 қаңтар күні Жастар хоккей лигасы дәстүрлі «Шығыс» және «Батыс» болып Жекпе-жек кубогы жеңімпаздарын анықтайтын болады.

Жұлдызды аптаны құрлықтық хоккей лигасы төрт дивизионының құрамалары қорытындылайды. Жыл сайын ұйымдастырушылар жанкүйерлер мен көрермендер үшін қызықты ойындар ойнатады. Биыл да сол дәстүр жалғаспақ.

 

Соңғы жаңалықтар