Астанада адамдардың бет-келбетін ажырата алатын жүйе іске қосылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпара - Астанадағы ЭКСПО көрмесі кезінде адамдардың бет-келбетін ажырата алатын жүйе іске қосылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мұсақанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз халықаралық тәжірибені зерделеп, сарапшылардың қатысуымен арнайы курстар өткіздік. Бұл тұрғыда ес-түсін білмейтін немесе теракт жасауға ниетті адамдарды анықтауға мән берілді. Сонымен қатар адамдар көп жиналған жерлерге жүк көліктерін өткізбейтін арнайы жабдықтар қарастырылып жатыр»,-деді ол.

Мұсақановтың сөзіне қарағанда, арнайы тізімде тұрғандарды анықтау үшін алғаш рет ЭКСПО аумағында адамдардың бет-келбетін танып білетін жүйе іске қосылады.
Атап айтқанда, бүгінде Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және көрме әкімшілігімен бірлесе бірнеше оқу-жаттығу өткізілген. Оның барысында түрлі жағдайларға әрекет етудің қадамдары пысықталды.

Өз кезегінде ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев ЭКСПО аумағынде екі мыңға жуық бейне камерасын орнату жоспарланып отырғандығын жеткізді.

«Қауіпсіздікті күшейтіп отырмыз. Көрме аумығын екі мыңға тарта бейне камерамен жасақтамақпыз. Олар Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығына тікейлей қосылып, кез келген құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді»,-дейді Садубаев.

Соңғы жаңалықтар