Астанада 22-25 маусым күндері Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 2017 жылдың 22-25 маусым аралығында Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді.

Құрылтай барысында шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қаржыландыру, басқа да көмек көрсету, шетелдік жастарды Қазақстанға білім алуға шақыру сынды мәселелер талқыланатын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы құрылтайға шақырылғандардың басым көпшілігі - әртүрлі салада жетістіктерге жетіп жүрген шетелдік қазақ жастары.

Құрылтайға 40-тан астам мемлекеттен 350 адам және әртүрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Дүниежүзі қазақтарының I құрылтайы 1992 жылы Алматыда,  II құрылтайы 2002 жылы Түркістанда өткізілген болатын. Ал одан кейінгі құрылтайлар 2005 және 2011 жылдары елордамыз Астанада өтті. 

Соңғы жаңалықтар