Астанада 1500-ден аса отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерлерге көшірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ескі үйлер мәселесін шешу, апатты үйлерде тұратын азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Астанада апатты үйлерді бұзу бойынша жоба іске асырылуда, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында .

Жоба шарттарына сәйкес, қала әкімдігі апатты үйлердің тұрғындарын аудандары бойынша бірдей жаңа пәтерлерге көшіруді жүргізуде.

Елордалық Тұрғын үй басқармасының мәліметтеріне сәйкес, обасты құрылыс конструкциялары мен инженерлік жүйелерінің тозу деңгейі жоғары, 1940-1980 жылдар аралығында салынған үйлер бұзуға жатады.

2017 жылдың соңына дейін 228 апатты құрылысты бұзу жоспарланған, соның ішінде «Сарыарқа» ауданы бойынша - 129 үй, «Алматы» ауданында - 78, «Есіл» ауданында - 21 үй. Көшірілетін азаматтардың жалпы саны 3500-ден аса отбасыны құрайды.

Соңғы жаңалықтар