«Астана» велошабандозы «Түркия турын» екінші орынмен аяқтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Түркия туры» көпкүндік веложарысының қорытынды кезеңі «Trek-Segafredo» командасының бельгиялық мүшесі Эдвард Тёнстың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Итальян спортшылары «Bora - Hansgrohe» командасынан Маттео Пелукки және «Androni-Sidermec» намысын қорғайтын Франческо Гавацци екінші және үшінші нәтижелерді көрсетті.

«Астана» велошабандозы Рикардо Минали өз командасының ішіндегі ең жақсы көрсеткішті көрсетіп, мәреге жетінші болып келді. «Астананың» қалған мүшелері турнирдің қорытынды кезеңін төмендегі нәтижелермен аяқтады:

Йеспер Хансен - 12,

Андрей Зейц - 22,

Дмитрий Груздев - 44,

Руслан Тілеубаев - 69,

Жандос Бижігітов - 72,

Никита Стальнов - 73.

«Түркия туры». Алтыншы кезең, Ыстанбұл. 143.7 километр:

1. Эдвард Тёнс (Бельгия, «Trek-Segafredo») - 3:24:32

2. Маттео Пелукки (Италия, «Bora - Hansgrohe»)

3. Франческо Гавацци (Италия, «Androni-Sidermec»)

7. Рикардо Минали (Италия, «Астана»)

12. Йеспер Хансен (Дания, «Астана»)

22. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана»)

44. Дмитрий Груздев (Қазақстан, «Астана»)

69. Руслан Тілеубаев (Қазақстан, «Астана»)

72. Жандос Бижигитов (Қазақстан, «Астана») - +2:28

73. Никита Стальнов (Қазақстан, «Астана») - +2:29

Қорытынды есеп:

1. Диего Улисси (Италия, «UAE Team Emirates») - 26:32:12

2. Йеспер Хансен (Дания, «Астана») - +0:12

3. Фаусто Маснада (Италия, «Androni-Sidermec») - +0:24

9. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») - +0:50

38. Жандос Бижігітов (Қазақстан, «Астана») - +6:42

43. Дмитрий Груздев Қазақстан, «Астана») - +11:32

48. Рикардо Минали (Италия, «Астана») - +12:50

72. Никита Стальнов (Қазақстан, «Астана») - +25:04

78. Руслан Тілеубаев (Қазақстан, «Астана») - +27:25.

Соңғы жаңалықтар