«Астана» велокомандасы қаза тапқан велошабандозына құрмет көрсетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасы жақында қаза тапқан велошабандоз Микеле Скарпонидің жарыс нөмірін ешкімге бермей, оған құрмет көрсетті. Осылайша, Джиро д'Италия бәсекесінде команда құрамында 8 шабандоз өнер көрсетпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Микеле оқиғасы  қайғылы жағдай. Ондайды ешкім күткен де жоқ, бұған сену де қиын. Бұл командаға ауыр соққы болды. Микеле «Джиродағы» біздің көшбасшымыз болуы керек еді. Сондықтан, біз Микеленің орнына команда құрамынан ешкімді қоймадық. Оның сайыстағы нөмірін ешкімге бермей, орнын қалдырдық. Микеле бізбен бірге болатынына сенеміз, оның жарыс нөмірін сақтаймыз», - деп мәлім етті команданың баспасөз қызметі.

Осымен 100-ші рет өткелі отырған Джиро д'Италия алдағы жұма, 5 мамыр күні басталады.

Еске сала кетейік, Джиро д'Италия-2011 сайысының жеңімпазы, «Астана» командасының велошабандозы Микеле Скарпони Филоттрано қаласындағы үйінің маңында жаттығу барысында қайғылы жағдайға ұшырап, қаза тапты . Оны жолдың қиылысында шағын автобус қағып кеткен. 37 жастағы спортшының артында әйелі екі баласы қалды. 

Соңғы жаңалықтар