Астана процесі Женева келіссөздерінің табысты болуына жол ашады – БҰҰ Бас хатшысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте 28 сәуірде Біріккен Ұлттық Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерришпен жүздесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қ. Әбдірахманов Президент Н.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы барысында мәлімдеген бастамаларын БҰҰ Хатшылығы дәйекті түрде қолдауының маңызы зор екенін атап өтті.

  Тараптар халықаралық қауіпсіздік саласындағы ағымдағы ахуалға байланысты іс-қимылдар бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, Қайрат Әбдірахманов Бас хатшыға Сирия бойынша Астана келіссөздер процесінің барысы туралы ақпарат берді.  А.Гутерриш Астана келіссөздері Женева келіссөздерінің табысты болуына жол ашады деп санай отырып, бұл процесті толық қолдайтынын білдірді. БҰҰ Басшысы Президент Н.Назарбаевтың көпжақты дипломатиядағы рөлін жоғары бағалады және Қазақстан әртүрлі халықаралық процестерге алаң ұсынып, өзінің дәнекер ретінде міндетін ойдағыдай орындап отырғанын атап айтты.  

 Дүниежүзілік ұйым басшысы Қазақстанның Алматы қаласындағы БҰҰ халықаралық хабын құру туралы ұсынысына және бұл үшін ел билігі кең және көп функционалды ғимарат беріп отырғанына назар аударды.

 Кездесу барысында А.Гутерриш Астанада осы жылғы 8-9 мамырда өтетін ШЫҰ саммитіне және ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына қатысу ниеті туралы хабарлады. Бұл Қазақстанға соңғы жарты жыл ішінде жасалатын екінші сапар екені және мұның Қазақстанмен әрі Орталық Азия өңірі елдерімен ынтымақтастыққа БҰҰ-ның баса назар аударатынын көрсететіні айрықша атап өтілді.  

Соңғы жаңалықтар