Астана процесі: ҚР СІМ басшысы Сирия үкіметі мен оппозициясы делегацияларының басшыларымен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанада Сирия мәселесін реттеу бойынша халықаралық кездесу кезінде сириялық үкімет делегациясының басшысымен, САР-дың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Башар Аль-Джафаримен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қайрат Әбдірахманов алдағы болатын Сирия үкіметі мен оппозициясы делегациялары басшыларының кездесуін БҰҰ аясындағы Женева бейбіт келіссөздерінің келесі кезеңіне дайындықтың маңызды бөлігі екендігін айтты. Сондай-ақ ол Астананың Сириядағы гуманитарлық жағдайды жеңілдетуде және Сирия халқына тиісті көмекті беруде зор үлес қосып келе жатқандығын атап өтті. Қазақстан және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолда ары қай да еңбек ете бермек.

Екі тарап басшылары Қазақстан халқына және басшылығына Сириядағы қарулы қақтығысты реттеу мәселесіне қосып жатқан үлесі үшін алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар