Астана процесі: АҚШ-тың атынан келіссөздерге елші Джордж Крол қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол Астанада Сирия мәселесі бойынша өтетін келіссөздер кезінде Вашингтонның атынан өкілдік етеді, деп хабарлайды regnum.ru АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті өкілінің міндетін атқарушы Марк Тонерге сілтеме жасап.

«Біз (АҚШ билігі) Қазақстанның келіссөздер барысында байқаушы ретінде шақыруына қуаныштымыз және оны жоғары бағалаймыз. Президенттің ұлықтау рәсіміне (Дональд Трамптың) және билікті өткізу рәсімінің жүріп жатқандығына байланысты Вашингтоннан келуі тиіс делегация Астанада өтетін келіссөздерге қатыса алмайды», деді Тонер. 

Бұл ретте дипломат Қазақстан астанасында Сирия мәселесі бойынша өтетін келіссөздерге АҚШ атынан елші Джордж Кролдың өкілдік ететінін атап өтті.

Айта кетейік, осы уақытта Астанаға Ресей, Түркия, Иран өкілдері мен БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура келіп үлгерді. Сирия елшілігінің өкілдері жексенбі күні келеді. Келіссөздердің басталуы 23 қаңтарға белгіленген.

Соңғы жаңалықтар