Астана мен үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мен өзге үш өңірде 23 қазанда тәулік бойы, ал 24-24 қазанда оңтүстіктен соққан жел, солтүстік батысқа ауысып, 15-20 м/с дейін күшейеді.

24-25 қазанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан  облыстарында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. 23 қазанда күндіз, 24-25-інде тәулік бойы оңтүстіктен соққан жел солтүстік батысқа ауысуы ықтимал. Желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с  болуы күтіледі. Күндіз 24 қазанда, 25-інде  тәулік бойы кей жерлерде көктайғақ болады, бұрқасын, ал ауа  температурасы 0-5, кей жерлерде 8 градусқа дейін күрт төмендейді.

Павлодар облысында 23 қазанда күндіз, 24-25- інде тәулік бойы жаңбыр жауады, кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Батыс, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Дауылдың ықтималдылығы 90-95%.

Соңғы жаңалықтар