Астана маңындағы күре жолды су басты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының маңындағы автомобиль жолын су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«22 наурыз күні 23.30-да Астана қаласы, Есіл ауданының «Үркер» тұрғын үй алабы маңында, облыстық маңызға ие «Астана-Қорғалжын» автожолында еріген қар суы (ұзындығы 100 м, тереңдігі 20 см) жиналды», - делінген хабарламада.

Трассу подтопило...

A post shared by Эльмира Касымова (@elmira_k83) on Mar 22, 2018 at 11:42am PDT

Судың жиналуы автокөлік құралдарының қозғалысына әсер етпеген.

Қазір жолды жиналған судан тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар