«Аstana LRT» өкілдері әуежай автотұрағының 1,4 млн теңге тұратынын теріске шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіге тарап кеткен 1,4 млн теңгеден астам соманы көрсеткен паркомат фотосуретінің Астана әуежайына қатысы жоқ, деп xабарлайды ҚазАқпарат «Аstana LRT» ЖШС баспасөз орталығына сілтеме жасап.

«Бұл фотосуретте Астана әуежайындағы автотұрақ үшін 1,4 млн. теңге 1 млн 475 мың теңге төленгендей көрсетілген. Мұның фотомонтаж болуы әбден мүмкін немесе Алматы әуежайында түсірілуі де мүмкін. Себебі Астанадағы төлем жүйесі биыл 9 тамызда, 12 күн бұрын іске қосылды. Ал фотосуретте бұл соманың 24 күн, 17 сағат үшін төленгені анық көрініп тұр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Аstana LRT» ЖШС баспасөз xатшысы Асқар Атагулин.

Оның айтуынша, фотосуретте соманың өзі дұрыс көрсетілмеген. Математикалық есеп бойынша басқа цифр тұруы тиіс. 24 күн 24 сағаттан және қосымша 17 сағат 593 сағатты құрайды. Бұл уақытты 2500 теңгеге көбейткенде 1 482 500 теңге шығады.

Еске сала кетсек, фотосурет 19 тамыз күні жарияланды. Аккаунт иесі паркоматтың Астана әуежайында орналасқанын айтуда.

Астана Аэропорт парковка.

Публикация от Жесть в Казахстане (@zhest_kz) Авг 19 2017 в 8:37 PDT

Соңғы жаңалықтар