«Астана-Көкшетау» жолының бойында бірнеше көлік соқтығып, 4 адам қаза тапты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Астана-Көкшетау» күре жолының бойында бірнеше көліктің соқтығысуымен жол апаты орын алып, төрт адам опат болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық жол патрульдік полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша жол апаты бүгін сағат 13:40-тар шамасында «Астана-Көкшетау» күре жолының 245 шақырымда орын алған.

«Қатты боранның салдарынан аталған күре жолдың бойында бірнеше көліктің соқтығысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Нәтижесінде төрт адам опат болды. Қазіргі кезде, оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр. Өзге зардап шеккендер туралы мəлімет жоқ. Нақты анықтағаннан кейін хабарлайтын боламыз», деп түсіндірді полицейлер.

Еске сала кетейік, осыған дейін аймақтық ТЖД арнайы 112 телефон нөмірі арқылы облыс аумағында ағымдағы жылдың 3-5 желтоқсан күндері аралығында жылдамдығы 28 м/с қатты жел тұрып, боран соғады деп SMS хабарлама таратқан болатын.



Соңғы жаңалықтар