Астана-Көкшетау трассасында құтқарылған баланың анасы оқиға орнында көз жұмуы мүмкін - ІІД

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық Ішкі істер департаментінде бүгін күндіз "Астана-Көкшетау " күре жолында болған ірі көлік апатында зардап шеккен және осы уақытта әлеуметтік желілерде туыстары іздестіріліп жатқан үшжасар Данил есімді баланың анасы оқиға орнында көз жұмуы мүмкіндігін айтып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук мәлім еткендей, баланың анасы Алена жол апаты кезінде ажал құшқан үш әйелдің бірі болуы мүмкін. Балдырғанды Макинскідегі Аудандық ішкі істер бөліміне белгісіз ер адам жеткізген. Полицейлер оның əкесін анықтап, хабар берді.

Белгілі болғандай, ол Астана қаласында тұрады. Баланың анасымен некесін бұзған. Үшжасар Даниал қазір Бұланды аудандық ауруханасына жатқызылып, дəрігерлердің бақылауына алынды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, әлеуметтік желілерде "Астана-Көкшетау " күре жолында болған көлік апатынан аман қалған баланың туыстары іздестіріле бастады. Куәгерлердің айтуынша, олар баланы апат салдарынан майысқан көліктің ішінен аман алып шыққан.

Аталмыш трассада жол апаты бүгін сағат 13:00-14:00 аралығында орын алды. Оқиға орнында үш жолаушы әйел мен зардап шеккендерге көмекке ұмтылған бір куәгер қаза болды. 

Соңғы жаңалықтар