Астана-Көкшетау тас жолындағы апаттың куәгері көмекке ұмтылып, өзі ажал құшты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық ІІД "Астана-Көкшетау " күре жолының бойында 4 адамның өмірін қиған ірі жол апаты туралы айтып берді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА-нің тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мəліметі бойынша, бүгін сағат 13:00-14:00 аралығында "Астана-Көкшетау " күре жолының 245-шақырымда жолаушылар автобусы, "Ниссан" жеңіл көлігі жəне одан басқа бірнеше көліктің қатысуымен ір жол апаты орын алған.

"Жол апатынан əсіресе, "Ниссан" жеңіл көлігі қатты зардап шекті. Көкшетаулық басқарған көлік мыжылып қалған. Өкінішке орай, көлік ішінде отырған жолаушы 3 əйел оқиға орнында көз жұмды. Ал, жүргізуші мен 3 жастағы ұл баланы оқиға куəгерлері сыртқа алып шыққан. Оған қоса, сол сәтте зардап шегушілерге көмекке ұмтылған куəгерлердің бірін көлік қағып кетіп, ол алған жарақаттардан ажал құшты. Қазіргі кезде, қандай да бір болжам айту қиын. Жол апатының мəн-жайын анықтау мақсатында тексеріс жүргізілуде", - деп атап өтті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнəр Пинчук.

Еске сала кетейік, осыған дейін əлеуметтік желілерде оқиға куәгерлерінің жазуынша, олар ұл баланы апат салдарынан майысқан көліктің ішінен оған жолаушылар автобусы соғылардан бірер секунд бұрын ғана шығарып алған. Олар баланы Макинск қаласындағы жақын орналасқан ауруханаға жеткізген. «Көліктің нөмірі де сақталмай қалған. Мен баланы Макинск қаласының жақын маңдағы ауруханасына жеткіздім, ол дәрігерлердің бақылауында. Өзінің айтуынша, есімі Данил, анасының аты Алена. Астана қаласында тұруы мүмкін. Баланың туыстарын табуға көмектесіңіздер», - деп жазылған болатын.

Айта кетейік, "ҚазАқпарат" 4 адамның өмірін қиған «Астана-Көкшетау» автожолындағы апат туралы бұған дейін де хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар