Астана қаласында барлық мекемеге жылу берілген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда орталықтандырылған жылыту жүйесіне 5 497 ғимарат қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап. 

«Жылыту маусымы бойынша барлық мекемелер штаттық жүйеде жұмыс жасауда, барлық тұрғын үйлер орталық жылуға қосылған», - деп мәлім етті Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов әкімдікте өткен аппарат жиналысында.

Қала бойынша 2 250 көпқабатты тұрғын үй бар, барлығы орталық жылуға қосылған, барлығына жылу берілген. 

Сонымен қатар мектептер, ауруханалар, мәдени ошақтар  жылумен толық қамтылған.

Қазіргі күні жылуға орташа тариф 2 589 теңге.

Еске салайық, 2016-2017 жылыту маусымына дайындық кезіңде «Астана-Энергия» АҚ-ның басты және қосымша құрал-жабдықтарына кестеге сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі күні ЖЭО-1 және ЖЭЮ-2  жүз пайыз қуатында жұмыс жасауда.

 

Соңғы жаңалықтар