«Астана» ХҚО мен ЕҚҚДБ ниеттестік туралы Хаттамаға қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) ниеттестік туралы Хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Бүгін ЕҚҚДБ президенті Сума Чакрабартидің Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысу үшін Астанаға сапары аясында ЕҚҚДБ мен АХҚО арасында ниеттестік туралы Хаттамаға қол қойылды.

Бұл жоба АХҚО биржасын құру бойынша АХҚО мен ЕҚҚДБ арасындағы ынтымақтастықты қамтиды.

Қаржы институттары АХҚО мен оның биржасының дамуына арналған техникалық көмек бойынша жобаны бірге жүзеге асырмақ. Атап айтсақ, АХҚО биржасының ережелері халықаралық талаптарға сәйкес дайындалатын болады.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, ЕҚҚДБ-мен арадағы ынтымақтастық әлемдік инвестициялық қауымдастық тұрғысынан АХҚО биржасының ережелері мен регламенттеріне деген сенімнің кепілі болмақ. Себебі ЕҚҚДБ банк, қаржы жүйесін реформалау, нормативті-құқықтық базаны құрылымдау және корпоративтік басқару бойынша аса бай тәжірибеге ие.

ЕҚҚДБ президенті Сума Чакрабартидің айтуынша, 2017 жылдың күзінде іске асырыла бастайтын Хаттама АХҚО биржасының дамуына ықпал етіп, АХҚО мен ЕҚҚДБ арасындағы байланысты нығайта түспек.

 

Соңғы жаңалықтар