«Астана» ФК жұлдыздары жас футболшыларға арнап шеберлік сабағын өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жанкүйерлер сүйікті футболистерінен қолтаңба алып, селфиге түсуіне мүмкіндік алды, деп хабарлайды астаналық әкімдіктің медиа орталығы.

null

Астана қаласы прокуратурасының «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуды жаңғырту» жобасы бойынша «Астана Арена» стадионында «Астана» ФК негізгі құрамы шеберлік сыныбын өткізді.

null 

Басқосудан кейін қатысушылар футболшылармен бірге суретке түсіп, (селфи жасап), қолтаңба алуына мүмкіндік туды.

«Балалар мен жасөспірімдермен өткізіліп жатқан бұл кездесудің мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмыстан сақтандыру, оларды спорт және дене тәрбиесіне назар аударту», - делінген Астана қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз мәлімдемесінде.

null 

Шеберлік сабағы күндіз сағат 15:30 басталды. Шараны Астана қалалық дене тәрбиесі және спорт басқармасы мен Астана қаласының прокуратурасы ұйымдастырды.

null 

Соңғы жаңалықтар