Астана-Душанбе бағытында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов тәжік елінің Көлік министрі Худоёр Худоёрзодамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстанның көлік саласындағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері талқыланып, қазақ елордасында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында Астана-Душанбе  бағдары бойынша тікелей әуе рейсін ашу жайы қаралды. Сонымен қатар елші Сейтімов «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ пен Тәжікстан теміржолы арасындағы ынтымақтастықтың қарқыны жоғары екендігін атап өтті.

"Екі жақты кездесуден кейін тәжік министріне жүздескені үшін ризашылығын  білдірген қазақстандық дипломат екі елдің арасындағы  қарым-қатынастарды стратегиялық серіктестік рухында одан ары нығайту барысындағы жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігін баса айтты", - делінген Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігі ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар