Астана-Бурабай жолындағы ірі апатта зардап шеккен баланың жақындары іздестірілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде бүгін Астана-Бурабай тас жолында болған ірі жол апат кезінде құтқарылған үш жасар бала туралы ақпарат тарай бастады.

Оқиға куәгерлерінің жазуынша, олар ұл баланы апат салдарынан майысқан көліктің ішінен оған жолаушылар автобусы соғылардан бірер секунд бұрын ғана шығарып алған. Олар баланы Макинск қаласындағы жақын орналасқан ауруханаға жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көліктің нөмірі де сақталмай қалған. Мен баланы Макинск қаласының жақын маңдағы ауруханасына жеткіздім, ол дәрігерлердің бақылауында. Өзінің айтуынша, есімі Данил, анасының аты Алена. Астана қаласында тұруы мүмкін. Баланың туыстарын табуға көмектесіңіздер», - деп жазды club_dobryakov_astany Инстаграм-аккаунтында.  

Бұған дейін хабарланғандай, Астана-Көкшетау күре жолында бірнеше көлік соқтығысып, салдарынан төрт адам көз жұмды. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне облыстық жол-патрульдік полициясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апаты бүгін сағат 13:40 шамасында Астана-Көкшетау күре жолының 245-шақырымында орын алған. «Қатты боранның салдарынан аталған күре жолдың бойында бірнеше көліктің соқтығысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан төрт адам опат болды. Қазіргі кезде, оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр. Өзге зардап шеккендер туралы мəлімет жоқ. Нақты мәліметтерді анықталғаннан кейін хабарлайтын боламыз», - деп түсіндірді полицейлер.

Еске сала кетейік, осыған дейін аймақтық ТЖД арнайы 112 телефон нөмірі арқылы облыс аумағында 3-5 желтоқсан күндері жылдамдығы 28 м/с қатты жел тұрып, боран соғатыны туралы SMS хабарлама таратқан болатын.

СРОЧНО РЕПОСТ!!!! ✔✔✔Ребята, прошу срочный репост! Ищу родных и близких этого мальчика! Сегодня, 4 декабря, после 13.00, на трассе Астана-Боровое произошла страшная авария, нам удалось вытащить из искореженной машины этого мальчика за доли секунды, как в машину влетел автобус. На машине не сохранился даже номер. Я увёз его в ближайшую больницу в г.Макинск, где он находится под присмотром врачей. По словам мальчика его зовут Данил, ему 3 года, маму зовут Алена. Возможно с Астаны. Помогите найти родственников малыша. Кирилл 87015230299.

Фото опубликовано @club_dobryakov_astany Дек 4 2016 в 5:32 PST

Добряки,спасибо вам! Благодаря публикации в клубе все оперативно решилось. Кирилл,который нашёл мальчика,благодарит вас. По последним данным папа малыша вместе с Кириллом едут за ним. Будем ждать новостей. Если кто-то читает нас с трассы расскажите ,как вы ? Как обстановка?🙏🏻

Фото опубликовано @club_dobryakov_astany Дек 4 2016 в 9:09 PST

Соңғы жаңалықтар