Астана банкінің басқарма құрамында өзгеріс болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Астана банкі» АҚ басқарма құрамында өзгерістер орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап. 

Басқарма директоры ретінде қызмет етіп келген Данияр Оспанов банктің басқарма құрамынан өз еркімен шықты. Елнар Жолдасов банктің басқарма мүшесі ретінде сайланды.

Сондай-ақ, банктің басқарушылық құрамына басқарма төрағасы Ескендір Майлыбаев, Мұхтар Жаңғабылов пен Айдос Жұмағұлов кіреді.

Соңғы жаңалықтар