«Астана арена» стадионында Рианнаның концерті өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  6 шілдеде «Астана арена» стадионында атақты әнші Рианнаның концерті өтеді деп жоспарланған. Бұл туралы expo2017culture.kz сайтында хабарланды.

Аталған сайтта «ЭКСПО-2017» көрмесінің мәдени ойын-сауық, спорттық шараларының кешенді бағдарламасы жарияланған. Алайда ұйымдастырушылар бағдарламаға өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін ескертеді.


null 

Астанада америкалық поп-әнші Рианнаның концертін өткізу жоспарланғаны бұдан бұрын да хабарланған. Рианна - ең танымал артістердің бірі. Оның альбомдарының 20 миллионнан астам көшіремесі, 60 млн синглдары сатылған.

Соңғы жаңалықтар