Астана әкімі қаланың су тасқынына дайындығын пысықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Әсет Исекешев астаналық су реттегіште болды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Кешенді жоспарға сәйкес су тасқынын болдырмау жөнінде астананың аумағында 2018 жылы 27 ықтимал су басу учаскелері белгіленді. Олардың әрбірі бойынша жұмыс түрлері, қажетті материалдар көлемі, қаржыландыру, жауапты орындаушылар анықталған.

Учаскелерді аралау барысында әкімге гидротехникалық құрылыстар дайындығы туралы баяндалды. Атап айтқанда, Астана су қоймасының жай-күйі, қар қорының көлемін білу мақсатында мониторинг жүргізу және алынған деректерді талдау туралы жұмыс режимінің жоспарлы кестесі бекітілді.

Әкімнің орынбасары Косман Айтмұхаметов су қоймасының 14 наурыздағы жай-күйі туралы баяндады. Оның мәліметтері бойынша, су ағызу көлемі 15 м3/сек., көлемі - 283 млн м3 немесе жобалық қуаттан 69%. «Қазгидромет» РМК және Астана қаласының ТЖД қызметкерлері шамамен 280 млн м3 күтілуде.

«Астана қаласын Есіл өзеніне құйылатын қар суынан қорғау» нысанында бөгендерін нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді, кешен су қабылдауға және ағызуға толық дайын.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай ауданы және Майбалық көлінен су ағызатын канал зерттелген.

Қазіргі уақытта Майбалық көліндегі су көлемі шамамен 62 млн м3. Толық көлемі - 80 млн м3.

Астана қаласының әкімдігі Майбалық көлінен шығып «Нұра - Есіл» каналына баратын қолданыстағы ұзындығы 5,4 км құрайтын каналды тазалауды аяқтады. Осы участок мол су өткізуге дайын.

Газ аппаратурасы ауданындағы «Есіл» өзенінің арнасын кеңейту туралы мәселе шетте қалмады. Еске сала кетейік, өткен жылы Талапкер ауылына ағатын өзен бойында су басу қаупі жоғары учаскелер анықталған.

Әкімнің тапсырмасымен «КЖБИ-56» және «Юбилейное» бағбанды қоғамдастық ауданындағы өзеннің ескі арнасына құм аралас тас төселген. Ол 50 таяу саяжай учаскелерін су басу қаупінен сақтамақ. Соңымен қатар, өзеннің арнасын кеңейту жұмыстары да жүруде.

«Кіші Талдыкөл» ауданына ерекше назар аударылды.

Бүгін осы көлде құйма құбырлар мен бөгеттерді түгендеу жүргізілді. Сонымен қатар, қала әкімі Әсет Исекешев Ильинка тұрғын алабына барды. Әкімнің тапсырмасымен аудан кварталындағы 500 метрлі бөгет қалыпқа келтірілді. Көктемгі су тасқынына дайындық тұрақты бақылауда.

Сапар қорытындысы бойынша, астана әкімі көктемгі су тасқыны жағдайын бақылауда ұстауды және күннің жылынуына байланысты тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды. Әсет Исекешев Аудан әкімдеріне тұрғын үй алаптарынан қар шығару жұмыстарын тез аяқтауды және кәріз жүйелерін қар суын қабылдауға дайындауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар