Астана әкімі ЭКСПО кезіндегі көлік инфрақұрылымы жөнінде баяндады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесінің дайындық барысына және Астана қаласын дамытуға арналған кеңесте елорда әкімі Әсет Исекешев ЭКСПО кезіндегі көлік инфрақұрылымы жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әуежайдың жаңа терминалы мен теміржол вокзалы уақытылы пайдалануға беріледі. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі барлық қажетті қосымша пойыздарды, әуе рейстерді пысықтады. Үкіметтің қолдауымен автобустар сатып алынды. 110 автобусты халықаралық делегацияларға бөлдік. 167 автобусты шаттл-бастың 7 бағдарына жібереміз, яғни бұл арнайы экспресстер меймандарды ЭКСПО аумағына тасымалдайды. Сонымен қатар «Астана такси» қызметі құрылды»,-деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, ЭКСПО-қалашығы аумағына келетін көліктер тұрақтармен қамтамасыз етіледі.

«Қаіпсіздік бойынша осында арнайы комиссия жұмыс істейді. Қала тарапынан біз ахуалдық орталықты құрдық. Онда қаладағы барлық қызметтер қамтылады. 3 мың бейне камера барлық қажетті орындарды қамтып, аталған орталыққа мәліметтерді береді», - деді Исекешев.

Мұнымен қоса ол көрме кезіндегі медициналық көмек бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен пысықталғанын жеткізді. ЭКСПО аумағында 7 медициналық пункт жұмыс істейтін болады, ал қала аумағында 13 медициналық мекеме дайындалды.

Соңғы жаңалықтар