Астана әкімдігі қымбат автобустарды сатып алуға қатысты түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана жолаушылар көлігі басқармасы жолданған сауалға берген жазбаша жауабында қалалық бағдарлар үшін IVECO моделді автобустарды таңдауға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Басқарма қаланың климаттық ерекшеліктеріне негізделген IVECO қалалық автобустарының құны бекітілген техникалық ерекшеліктерге сәйкес анықталғанын түсіндірді.

Атап айтқанда, ЖКБ хабарлауынша, техникалық ерекшеліктерге сәйкес болу үшін қысқы қаптама (қосарлы шыны, салқындатқыш, климаттық бақылау, жылытылатын еден, салонда 5 жылытқыштың болуы), кешенді жүйенің болуы (бейнебақылау - 5 камера, жазу құрылғысы, HD диск; ақпарат тарату - 2 TFT экраны, 3 LED тақтасы, жолақысы үшін электрондық төлем - 2 валидатор, жүргізуші консолі, диспетчерлеу - борттық құрылғы) және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған саты жүйесі қажет.

«Мемлекет басшысының 2014 жылдың 25 сәуіріндегі мынадай тапсырмасы бар: «жеке инвестициялардың есебінен дизельдік жанармаймен жүретін қалалық маршруттар үшін жолаушылар автобустарын сатып алу шараларын қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының аумағында жинауды ұйымдастыру қажет», - деп хабарлады басқармада.

Осыған байланысты, аталмыш автобустарды құрастыратын Қостанай қаласындағы «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС мен «Iveco Czech Republic a.s» конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған.

Бұдан бұрын әлеуметтік желілердің кейбір қолданушылары автобус бағасының тым қымбат екенін айтып, наразылық білдірген еді. Олардың бірі ШҚО-да жасалынатын осындай автобусты арзан бағамен сатып алуды ұсынған болатын.

Соңғы жаңалықтар