Асқар Жұмағалиев Қазақстандағы Қазпоштаның тұңғыш цифрлық кеңсесін ашты

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Астанада Қазпоштаның цифрлық кеңсесін ашты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Айта кетсек, Қазпоштаның тұңғыш Цифрлық кеңсесі Астана қаласында ашылып отыр. Мұнда бұрын операторлар көрсететін қызметтердің көбін заманауи технологиялар мен роботтар көрсетеді. Қазпошта басшысы Сәкен Сәрсенов Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевке кеңсенің жұмысын таныстырды.
null 

Сәкен Сәрсеновтың айтуына қарағанда, цифрлық кеңседе гибридті банкоматтар, электрондық кассир, поштамат және VR-агент қызмет көрсетеді. Қазпоштаның болашақ кеңселерінде клиенттер пошталық және қаржылық қызметтерді өздері атқара алады. Сондай-ақ, post.kz сайты қызметтерінің мұнда барлық түрін пайдалануға болады. Атап айтқанда, ақша аударуға, коммуналдық төлемдерді, жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеуге, авиа және теміржол билеттерін сатып алуға және т.б. қызметтерді пайдалануға болады.
null 

«Қазпошта клиенттерді жедел әрі сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін ең соңғы заманауи технологиялық шешімдерді таратушы ретінде өзін бұрыннан-ақ танытты. Қазір біз электронды коммерцияны қарқынды дамытудамыз. Бөлімшелерді жаңартып, көптеген сервистерімізді онлайн-форматқа көшірудеміз. Бүгіннің өзінде біз адамдарға машиналар қызмет көрсететін бөлімшені аша отырып, еліміздің цифрлық саладағы болашағын қалыптастырмақпыз», - дейді өз сөзінде Қазпошта басшысы Сәкен Сәрсенов.

Бөлімшенің жұмысын толықтай алмастыра алатын тағы бір бірегей құрылғы -  гибридті банкомат. Ол төлем картасына тапсырыс беруге және алуға көмектеседі, ал алдағы уақытта саусақ пен бет-әлпет бойынша биометрикалық верификациялау қосылғаннан кейін есепшоттан картаның өзінсіз қолма-қол ақша алуға мүмкіндік туады.
null

Сәкен Сәрсенов сонымен қатар, Асқар Жұмағалиевке «Қуаныш» пен «Сәуле» атты роботтарды таныстырып өтті. «Сәуле» клиенттердің білгісі келген сұрағын тыңдап, қажетті бағыт-бағдар берсе, «Қуаныш» келген адамдардың көңіл-күйін көтереді.

Алдағы уақытта Қазпошта мұндай кеңселерді еліміздің бірнеше қаласында іске қоспақ.

Соңғы жаңалықтар