Асқар Мырзахметов Қостанай облысында егін жинау науқанына дайындықпен танысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов сейсенбі күні жұмыс сапарымен Қостанай облысына барады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Сапардың мақсаты - егін жинау науқанына дайындық барысымен танысу.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдерімен егін жинау жұмыстарына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізу, егістік алқаптарын аралау, ауылшаруашылық нысандарында болу жоспарлануда», - делінген таратылған хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар