Асқар Мәмин ЭКСПО-2017 нысандарын аралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәминнің төрағалығымен ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысы өтті.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәмин ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің нысандарын аралады. Сапар барысында Асқар Мәмин «Есіл» ауда­нының ІІБ полиция бөлімінің жұмы­сымен, логистикалық орталық және көліктерді тексеру бекетінің, сонымен қатар ЭКСПО-2017 кеңсе­сінде Қауіп­сіздікті қамтамасыз ету орталығының жұмысымен танысып шықты.

Нысандармен танысқаннан кейін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ кеңсе­сінде Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандан­дырылған көрмеге дайындық пен оны өткізу кезеңінде қауіпсіздікті қамта­масыз ету және құқықтық тәртіпті сақтау үшін ведомствоаралық комис­сияның көшпелі отырысы өткізілді.

Ұлттық компанияның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов өз сөзінде көрме аумағындағы қауіпсіздікті қам­тамасыз ету үшін қажетті шешімдер қабылдауда комиссияның атқарып жатқан нәтижелі жұмысын атап өтті.

- Біз жақтан қажетті әрекеттердің барлығы атқарылып, соның ішінде құқық қорғау органдарының ұсыныс­тарын ескере отырып, барлық талап­тары орындалды, - деді Ахметжан Есімов.

Сондай-ақ, Ұлттық компанияның жетекшісі жиналған қауымға көрме территориясындағы Конгресс-орталығы, Энергия Холлы және де ең бастысы - «Нұр Әлем» дүние жүзінде бұрын-соңды болмаған бірегей нысан­дардың бой көтергенін хабар­лады. Бұл ғимараттардың архитек­турасы ғана емес, ішкі заманауи көрінісі де маңыз­ды. Бүгінде ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттерін 44 елдің тұрғыны алып үлгерді.

Отырыс барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәмин құқық қорғау органдары және мемлекеттік органдары жетекші­лерінің баяндамаларын тыңдап, бұл бағыттағы жұмысты пысықтау үшін тиісті тапсырмалар берді.

- Бүгінгі күннің басты және өзекті мәселесі - көрме кезіндегі қауіп­сіздік­ті қамтамасыз ету. Осыған орай, біз қауіпті болдырмау шараларын қабылдауымыз керек, - деп түйіндеді Асқар Мәмин.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылғы наурыз айының ортасында ЭКСПО аумағында ҚР ІІМ ішкі істер бөлімінің ресми ашылуы болып, қа­уіп­­сіздік саласындағы әлемдік жетек­ші өндірушілерінің техникалық шешім­­дері қолданылған. «ЭКСПО-2017 Кешендік қауіпсіздік жүйесі» жобасы дайындалып, іске асырылып келеді.

Халықаралық компаниялардың ЭКСПО-2017 көрмесімен ынтымақтастығы нығайып келеді.

ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының жетекшілігі ынтымақтастық туралы бірқа­тар келісімдерге қол қойды. Соның ішінде «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және әлемдік жетекші «Sіemens» техноло­гиялық концерні «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми серіктестері болып атанды.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Ербол Шорманов атап өткендей, бұл қадам ел ішінде де, оның сыртында да көрмеге деген қызығушы­лықтың өсіп келе жатқандығының белгісі.

- Біз мәреге жақындап қалдық. Барлық нысандардың құрылысын аяқтап, кон­тенттік толтыруға көштік. Жақында ХКБ жетекшілігі көрсеткендей, алдағы «Астана ЭКСПО-2017» соңғы ширек ғасырдың үздік көрмесі болары анық, - деді Е. Шорманов.

Демеушілік қызмет туралы меморандум аясында жаңа серіктестерге «Көрменің Досы» санаты бойынша жеңілдіктер, сондай-ақ, корпоративтік павильоннан 50 шаршы метр аудан ұсынылады.

Айта кетейік, бүгін 40-қа жуық қазақ­стандық және шетелдік компания ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің демеушісі атанып, жасалған келісімдердің жалпы сомасы 38 млрд. теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар