Асқар Мамин Астана контрреттеуішінің жұмысымен танысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Астананың аудандары мен перспективалық құрылыстарын су тасқынынан инженерлік қорғауға арналған Астана контрреттеуішінің жұмысымен танысты.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин Астана контрреттеуішінің қазіргі жұмысы туралы баяндады. Оның айтуынша, контрреттеуіш ұзындығы 31 км болатын қорғаныш бөгетінен тұрады және 450 млн текше метр көлемге дейін тасқын суды уақытша ұстап тұра алады.

Ю.Ильин қазіргі уақытта контрреттеуіште Астана (Вячеслав) су қоймасынан тасталған 250 млн текше метр су жинақталғанын хабарлады.

Контрреттеуіш Есіл өзеніне секундына 40 текше метрден аспайтын суды (тәулігіне 3,5 млн. текше метр) өткізеді.
null

Еске сала кетсек, нысан құрылысы 2010 жылы аяқталды және сол жылы Астана контрреттеуіші 31,8 млн текше метр суды ұстап қалды. Онда 2014 жылы - 138 млн м³ , 2015 жылы - 249,8 млн м³, 2016 жылы - 45,0 млн м³ су жиналды, осылайша Астана қаласы мен оның төңірегін су басудан қорғау қамтамасыз етілді.

Аралау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары ҚР ІІМ мен Астана қаласының әкімдігіне бірқатар нақты тапсырмалар берді. А.Мамин «Астана контрреттеуішінің жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігін» баса айтты.

Соңғы жаңалықтар