Аштықтан зардап шеккендер саны бір жыл ішінде 11 миллионға артты - БҰҰ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемде ашыққан адамдар саны бір жыл ішінде 11 миллион адамға артқан. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, жер бетіндегі 124 миллион адам аштықтың ауыр зардабын тартып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

Бұл деректер 22 наурызда жарияланған аталған ұйымның баяндамасында айтылған.

Жалпы әлемдегі аштыққа қақтығыстар, экстремальды ауа райы жағдайы мен онымен байланысты азық-түлік бағасының қымбаттауы көп себеп болады. Айталық, 18 елдегі, оның ішінде 15 ел Африка мен Таяу Шығыста орналасқан мемлекеттердегі әскери қақтығыстар жағдайды қиындатқан.

«Ашыққан адамдар саны Мьянма, Нигерияның солтүстік-шығысы, Конго Республикасы, Оңтүстік Судан және Йемендегі тараптар арасындағы теке-тірес пен тұрақсыздық есебінде өскен. Шығыс және Оңтүстік Африка елдеріндегі ұзаққа созылған құрғақшылық бұл тізімдегілердің санын арттырған», -делінген халықаралық ұйымның баяндамасында.

БҰҰ 2018 жылы Ауғанстан, Орталық Африка республикасы, Конго, Нигерия, Оңтүстік Судан, Чад өзені өңірлері, Сирия, Ливия, Мали сындық елдерде азық-түлік жетіспеушілігі байқалатындығы болжауда.

Соңғы жаңалықтар