Әсет Исекешев: Тәуелсіздік күні - жалпыхалықтық мереке

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімінің құттықтауы astana.gov.kz сайтында жарияланды.

 «Тәуелсіздік - барша Қазақстан халқы ерекше қадірлейтін, өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды күн. Бұл мереке халқымыздың сан ғасырлық арман-мұраттарымен сабақтасып жатқанымен де құнды.

Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық таңының атқанына биыл жиырма алты жыл толып отыр. Ширек ғасырдан астам уақытта еліміз Елбасымыздың көреген саясатының арқасында биік белестерді бағындырып, толайым табыстарға қол жеткізді. Тәуелсіз еліміз бен елордамыздың өсіп-өркендеуі, атқарылған іргелі істер - жетістіктеріміздің айқын айғағы.

Ел мерейін асқақтатқан ілкімді де игі жұмыстарға қарапайым азаматтардың да қосқан үлесі зор. Сондықтан, Тәуелсіздік күні шын мәнісіндегі жалпыхалықтық мереке. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, берекеміз баянды болғай»,- делінген әкімнің құттықтауында.

Соңғы жаңалықтар