Әсет Исекешев елорданың үздік түлектерін марапаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Алтын белгі» иегерлерін, халықаралық, республикалық олимпиадалар мен турнирлердің жеңімпаздары атанған түлектерді ұлықтауға арналған «Елорда мақтанышы» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null null
Салтанатты шара барысында елорда әкімі Әсет Исекешев «Алтын белгі» иегерлерін, Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл жинаған түлектерді, халықаралық байқауларда Астана қаласының намысын қорғап, жеңіске жеткен түлектерді және Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін құттықтап бағалы сыйлықтар табыс етті.
null null 

Биыл елордада 4978 бала мектеп бітірсе соның 4536-сы ұлттық бірыңғай тест тапсырды. ҰБТ тапсырудан бас тартқан оқушылардың саны - 210. Оның 78-і шетелге оқуға түссе, 31-і денсаулығына байланысты, 15-і жеке өтінішімен тест тапсырудан бас тартқан. Мұнан бөлек, халықаралық олимпиаданың жеңімпазы болған 49 оқушы ҰБТ-дан босатылған және 37 оқушы Назарбаев Университетіне оқуға түскен.
null null null 

Астана бойынша ең жоғары 137 баллды «Нұр Орда» мектеп лицейінің түлегі Алтынай Әмірхан алды. 4 оқушы 135 балл жинады. 1171 оқушы 100-ден жоғары балл алды. Ал жалпы қала бойынша орташа балл 84,65-ті құрайды.
null null 

Соңғы жаңалықтар