Арыс қаласында 26 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында өткен жылы 985 млн теңгеге 26 мыңға жуық шаршы метр үй салынып, пайдалануға берілген. Ал, биыл 5900 шаршы метр пәтер ел игілігіне беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала  әкімі Мұрат Қадырбек мәлім етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Мұрат Болатұлының сөзінше, өткен жылы ауданда өндірілген жалпы ішкі өнім көлемі 32,8 млрд теңгені құраған. Биылғы  жылы қала экономикасының ішкі өнім көлемін 33,8 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

«Былтыр қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарында 8 млрд 782 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі   104,6 пайызды құрады. Биыл өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексін 105 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында биылғы  жылы жалпы құны 8 млрд  680 млн теңгені құрайтын 8 жоба іске қосылып, 172 жұмыс орындары ашылатын болады», - деді аудан басшысы.
null

Бұдан өзге, тоғыз жолдың торабында орналасқан ауданда  негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 5 млрд 831 млн теңгеге жеткен. Өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, туризм және ауылшаруашылығы салаларында іске асырылатын жобалардың есебінен бюджеттік емес инвестиция көлемі 2 млрд 864 млн теңгені құрайды деп жоспарланып отыр.

null«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 3 жобаға қолдау көрсетіліпті. Ағымдағы  жылы аталған бағдарлама аясында 7 жобаға қолдау көрсетілетін болады. Оның 3-еуі субсидиялау, 2-еуі кепілдендіру, 1-еуі грант, 1-еуі инфрақұрылым бойынша жүзеге аспақ»,- деді Мұрат Қадырбек. 

Соңғы жаңалықтар