Артем Антропов әлем чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайланд елінде ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Бүгін құрама қоржынына екінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды dodasport.kz .

85 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Артем Антропов қарсылас шыдатпай, чемпион атанды. Ол өзіне берілген мүмкіндіктердің бәрін сәтті пайдаланды.

Отандасымыз қос жаттығу қорытындысы бойынша 323 келіні көтерді. Екінші орын алған Польша атлеті 318 келі, үшінші орын алған Ирандық спортшы 304 келіні көтерді.

Жұлқа көтеруде қарсыласынан бес келі қалып қойған Артем, серпе көтеруде он келіге озып кетті.

Осылайша Қазақстан құрамасының жастар арасындағы әлем чемпионатындағы медальдары саны беске жетті: 2 алтын, бір күміс және екі қола.

Соңғы жаңалықтар