«АрселорМиттал Теміртау» комбинатында екі жұмысшы зардап шегіп, біреуі қаза тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатында бір жұмысшы қаза тауып, екі адам зардап шекті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қайғылы оқиға 18 маусымда таңғы сағат 4.40-та орын алды. Мән-жайы белгісіз себептермен 1959 жылы туған газ қызметкері домен газымен уланған. Екі жұмысшы- Теміртаудағы орталық ауруханаға жеткізілді.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес қазіргі сәтте екі жұмысшы ауруханадан шықты.

«Екі ер адамның жағдайы бірнеше сағат бақылауда болды. Олар өздерін нашар сезінбегендерін жеткізді. Ауруханада қалуға еш себеп жоқ», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.

Комбинат басшылығы мен полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.

«Жазатайым оқиға өндірістік үдеріске әсер еткен жоқ. Комбинат бұрынғы режімде жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады комбинаттың қабылдау бөлмесінде.

Соңғы жаңалықтар