Арнайы топ Астанадағы су мен ауаның тазалығын қадағаламақ

None
None
АСТАНА. ҚазАпарат - Қала әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен «Астана қаласының қоршаған ортасын 2020 жылға дейінгі сауықтыру бойынша кешенді жоспарын» және «Елорданың төмен көміртекті дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын» әзірлеу бойынша бірінші ұйымдастыру отырысы өтйті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен аптада әкімдікте қала әкімі мен халықаралық және қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысқан жиын өтіп, онда қаланың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша жобалар ұсынылған болатын.

«Аталған кеңесте қала әкімдігі, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ғалымдар мен халықаралық сарапшылар «Астана қаласының қоршаған ортасын 2020 жылға дейінгі сауықтыру бойынша кешенді жоспар» бірінші кезектегі және «Елорданың төмен көміртекті дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясы» ұзақмерзімді шаралар жоспарын әзірлеу бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті», - деп атап өтілген қала әкімдігі таратқан мәліметте.

Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімінің басшылығымен комиссия және қажетті бағыттар бойынша жеті жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Осы орайда қоршаған орта жағдайының мониторингі және экологиялық ақпаратты талдау жинағы; ауа сапасын жақсарту (отын-энергетикалық кешен, жаңартылатын энергия көздерін дамыту); жер үсті су ресурстары көздерінің, сумен жабдықтау және су бұру жағдайын жақсарту; топырақ жағдайын жақсарту және қалдықтарды тиімді басқару; экологиялық ағарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ТКШ-ты дамыту; көліктердің қоршаған ортаға ластау жүктемесін азайту;  төменкөміртекті даму Стратегиясын әзірлеу бағыттары қамтылды.

Осы қадамдар сарапшылардың, мамандардың, тұрғындардың қамтылуымен бірлесе отырып,  ашық режимде жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар