Армысың, жаңа Астана!

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қала күні қарсаңында ресейлік жазушы Николай Зеньковичтің ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы «Книга о великой жизни» кітабы таныстырылды. Онда Астанаға арналған тұтас тарау бар және елорданы ауыстыру туралы шешім қабылданған сәттегі оқиғалар қамтылған. ҚазАқпарат оқырман назарына дәл осы тараудан үзінділер ұсынады.

«Астананы ауыстыру идеясын Президент 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес мәжілісінде айтқан. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының туған күні еді. Өз ұсынысына депутаттардың қалай қарағанын ол бүгінде күліп еске алады:

- Бұл нағыз «мылқау сахна» болды. Гогольдің «Ревизорындағы» сияқты. Үрей сезімі, таңырқау, нағыз шошыну жүздерінен байқалып тұрды.

Алақан сирек соғылды, бұрынғыдай ду қол шапалақтауға ұласпады. Ол тоқтағанда залды меңіреу үнсіздік басты.

Талқылауда дауыс екіге жарылды. Көпшілігі: ауыстыру қажетсіз, өйткені астана бар деп санады. Азшылығы: ауыстыру қажет, бірақ қазір емес, бұған зор қаражат қажет етіледі десті.

Нұрсұлтан Әбішұлы астаналарды ауыстырудың әлемдік тәжірибесін талдап, оның жағдайы әрқилы болғанын түсіндірді. Қазақстан астанасын ауыстырудың қажеттігі неге кенеттен пайда болды?

Кенеттен емес. Бұған дейін Қазақстанның Министрлер кеңесі мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетін басқарып тұрғанда Алматының Астана ретіндегі функциясын атқаруға аса жарамды еместігін анықтаған. Қалада кеңейетін кеңістік жоқ. Жаңа әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үй кешендерін салуға бос орын болмайтын. Жан-жағынан тау қоршап, сейсмологиялық қатер төніп тұрады».

Автор Николай Зенькович атап өткендей, «Ұлы адам туралы ұлағатты кітаптың» бірегейлігі ең жас оқырмандарға - мектеп оқушыларына арналған жалғыз еңбек болуы.

Соңғы жаңалықтар