Армения жаңа премьер-министрін сайлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Армения ұлттық жиынының төрағасы Ара Баблоян елде премьер-министрді сайлау өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Арменпресс. 

«АР «Регламент ҰЖ» Конституциялық заңының 140-бабы, 3-бөлігіне сәйкес, премьер-министр сайлауын өткізу мәселесі 1 мамыр күні сағат 12:00-де ҰЖ арнайы отырысында талқыланады»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, Арменияның премьер-министрі Серж Саргсян 23 сәуір күні отставкаға кеткен, 7 күннің ішінде ҰЖ фракциясы бұл лауазымға өз кандидатын ұсыну құқығына ие. Бұдан кейін Арменияда ашық дауыс беру жолымен жаңа премьер-министр сайланады. 

Соңғы жаңалықтар