Армения премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа қызметке 17 сәуір күні тағайындалған Армения премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кетуге өтініш берді, деп хабарлайды Арменпресс .

Бұл туралы дүйсенбі күні Армения үкіметі басшысының өзі айтқан. 

«Құрметті отандастар!  Барлық Армения азаматтары, аға буын мен жастар өкілі қарындастар мен аналар, ағалар мен інілер сіздерге ел басқарушы адам ретінде соңғы сөзімді айтамын.

Никол Пашинян дұрыс қадам жасады. Мен қателесіппін. Бұл мәселенің бірнеше шешімі болды, бірақ мен оның ешқайсысына бармаймын. Бұл мен жасайтын нәрсе емес. Мен ел басшылығынан, яғни Армения премьер-министрі лауазымынан  бас тартамын. Көшедегі халық маған қарсылық білдіруде. Мен сіздердің талаптарыңызды орындаймын. Біз өмір сүріп жатқан елге бейбітшілік пен үйлесім және қажетінше ақыл-парасат  тілеймін», - деді  Серж Саргсян.

Соңғы жаңалықтар