Арман Әшімовтің чемпиондық айқасы тағы кейінге шегерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл салмақтағы М-1 Challenge абсолютті чемпионы белбеуі үшін қазақстандық Арман Әшімов пен қазіргі чемпион Александр Доскальчуктің жекпе-жегі басқа күнге ауыстырылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Жекпе-жек 12 мамыр күні Қытайда М-1 Challenge 91 турнирінде өтуі тиіс болған, бірақ виза мәселесіне байланысты ұйымдастырушылар айқасты 24 мамырда Санкт-Петербургте өтетін келесі турнирге ауыстыруды жөн деп тапқан.

Еске салайық, биыл ақпанда Арман Әшімов финдік боксшы Микаэль Силандэрді нокаутпен жеңіп, ұйымның уақытша чемпионы белбеуін қанжығасына байлады. 

Соңғы жаңалықтар