Арқалықта жұмыстан босатылған кәсіпорын директоры сот арқылы қызметіне оралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызметінен заңсыз босатылған «Шаруашалық -А» ҚММ директоры сот арқылы өзінің қызметін қайтарып алды, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Әйел адам сотқа «Арқалық қалалық әкімінің аппараты» ММ-ның үстінен жұмыстан босату туралы бұйрықты жоюды және жұмысын қайтарып алуды сұрап шағым түсіреді. Ол 2010-2016 жылдары «Шаруашалық-А» ЖШС директоры болып жұмыс істейді. Кейін аталмыш мекеме таратылып, оның негізінде «Шаруашылық -А» ҚММ құрылады. Ол осы жерде де өзінің басшылық қызметін атқара береді. 2017 жылдың 18 наурыз күні ол жұмысының теріс нәтижелеріне байланысты жұмыстан босатылатыны туралы хабарландыру алады. Сондай-ақ жұмыстан шығарылу туралы бұйрық келеді.

Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес, әйел бірнеше күн бұрын ескерту алуы керек болған. Сотта оның жұмысының теріс нәтижелеріне байланысты дәлелелдер келтірілмеген. Осы жағдайды ескеріп, сот азаматшаны заңсыз жұмыстан босатты деп таныды. Соттың үкімімен, ол мекеме директоры қызметін қайтарып алды.

Мәжбүрлі жұмыстан қалған уақыты үшін сот оның пайдасына 247 мың теңге көлемінде жалақы өндіріп берді. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар