Арқалықта көпқабатты үйден өрт шықты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалық қаласындағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 16 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Оқыс оқиға кеше Арқалық қаласындағы Майкөтов көшесінің бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйде болған. Қызыл жалын осы үйдің төртінші қабатындағы пәтерден шықты.

«16 литрлік газ баллонынан ақау шығып, өртенген. Тұрғындар баллонды баспалдаққа шығарған соң, ашық жалын көрші пәтердің есігін шарпыған. Өрт сөндіру бөлімшелері ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, 16 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Газбен уланған 4 адам ауруханаға жатқызылды. Өрт сөндіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД құрамының тоғыз қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды», - деп хабарлады Иманқұлов.

Кейін белгілі болғандай, Арқалық қалалық №2 мамандандырылған жасағының аға сержанты Жандос Ысқақ оқиға орнына жетіп, өрт сөндіру шараларын дереу жүзеге асырды. Ол жанып жатқан баллонды сыртқа алып шыққан.

Өрт толығымен сағат 18:27-де ауыздықталды.

Соңғы жаңалықтар