Архимед Мұхамбетов электр энергиясымен жүретін скутерге қызықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы күндері елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Қостанай облысының күндері өтуде. Бүгін аталған облыстың басшысы Архимед Мұхамбетов бастаған қостанайлық делегация көрмеге келіп, бірқатар павильонды тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Архимед Бегежанұлы бастаған делегация «Нұр әлем» павильонын тамашалап, көрмеге қойылған экспозияларға жоғары баға берді. Облыс басшысы көрме тақырыбының өзектілігіне тоқталып, жаңартылатын энергия көздері бүгінде барша әлем жұртшылығы үшін өзекті екендігін баса айтты.

Көрмені аралау барысында Қостанай облысының әкімі электр энергиясымен жүретін скутерге де отырып, оған қызығушылық танытты және облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысына өңір орталығының «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы саябағындағы» қоғамдық тәртіпті қорғаушыларға осындай  10 скутер сатып алып беруге тапсырма берді.

Сонымен қатар Архимед Мұхамбетов бастаған қостанайлық делегация Австрия, Польша, Нидерланды, Германия сынды елдердің павильондарын тамашалады.

«Архимед Бегежанұлының басшылығынымен бірқатар павльонды аралап шықтық. Біздің облысымызға тиімді, қолдануға болатын жобаларды қарадық. Олар негізінен ауыл шаруашылығы саласына және балама энергия  салаларына қатысты болды. Бұл жобаларды кәсіпкерлермен бірге қарап, облысымызда қайсысын жүзеге  асыруға болатын талқылайтын боламыз», - деді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

Соңғы жаңалықтар