Аргентинада есірткі тасымалдаған ұшақты атып түсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентиналық күш құрылымының қызметкерлері  бортында бірнеше центнер марихуана тиелген  есірткі саудалаушылардың ұшағын атып түсірді, деп хабарлайды Terra Argentina агенттігі елдің қауіпсіздік министрі Патрисио Буллричке сілтеме жасап.

Жандармерия қызметкерлеріне әуе арқылы есірткі контрабандасының тасымалы туралы жедел ақпарат түскен. Күш құрылымының қызметкерлері Буэнос-Айрес провинциясындағы Дугган қаласының аймағына қонған ұшу аппаратын ұстады. Полиция қызметкерлері оқ жаудырғанымен, ұшқыш ұшақтың зақымданғанына қарамастан жоғары көтерілді. Ал  32 шақырым ұшқаннан кейін, ұшқыш авариялық қонуды іске қосып, өзі жасырынып үлгереді. Әуе кемесінің бортынан полиция қызметкерлері 455 келі марихуана тапты.

Министрдің мәліметінше, тәркіленген есірткі партиясының қара базардағы құны шамамен 910 мың долларды құрайды. «Шөп» Парагвайдан әуе арқылы жеткен деген болжам бар. 

Тексеру барысында алты адам ұсталды, алайда олардың қатарында ұшқыш жоқ болып шықты. 

Соңғы жаңалықтар