Арал өңірі күн санап дамып келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үшін қасиетті қазақ жерінің қай аймағы да айрықша ыстық, қай мүйісі де ерекше қымбат. Дегенмен, кез келген суреткердің де өзгелерінен гөрі жанына жақын тұтатын туындысы, әрбір ата-ананың басқаларынан гөрі алақан жылуын көбірек төгетін перзенті болады емес пе. Осы тұрғыдан келгенде, Арал аймағы мен оның маңайын жайлаған қалың жұрт Президентіміздің дәл сондай әрдайым жүрегінің бір түкпірінде жүретін өзгешерек өңірлердің біріне жатады десек, артық айтқандығымыз емес.

Өйткені, мұны Нұрсұлтан Әбішұлының өзі де әлденеше рет қадап тұрып айтты. Айтып қана қойған жоқ, оны өңірге қатысты көптеген іргелі істерімен бірнеше рет дәлелдеп те берді. Қазақстан мемлекетінің ширек ғасырдағы тарихының әрбір парағы - кезең жаңалықтарының жылнамасы.

Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланып, үлкен тебіреніс үстінде ант бергенде залдағылар да, теледидар арқылы көрген тілеулес халқы да зор толқыныс үстінде болған еді. Себебі, бұл Тәуелсіздігіміздің алғашқы бастауы болатын. Сонда тұңғыш Президент мінбеге көтеріліп, толғана сөз сөйледі. Ал, экология мәселесіне көшкенде Аралдың Қазақстан, Орта Азия республикалары үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін нағыз экологиялық апатқа айналғандығы айтылды. Шекарасы Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз аудандарымен, Қараған¬дының Ұлытау ауданымен және Қара¬қалпақ Республикасымен шектесіп жат¬қан Арал ауданының тарихы 90 жылға жуық уақытты қамтиды. Қазақстан мен Өзбекстан аумағында орналасқан Арал теңізі бір кездері көлемі бойынша жер бетіндегі төртінші теңіз саналған. Бірақ, теңіздің біртіндеп тартылып құрғауы экономикалық және экологиялық жағынан халыққа ауыртпалық әкелді. Соған байланысты, 1992 жылы апаттың ауыр зардаптарын жоюды заңдылық тұрғысында қамтамасыз етуге ұйытқы болған да Елбасымыз болатын. Ал, аралдықтардың жадында 2005 жылдың 27 сәуірі естен кетпестей болып жатталып қалды.

Сәрсенбінің сәтіне сәйкес келген бұл күні табиғат та ерекше елжіреп тұрды. Ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген Елбасы Халықаралық Кувейт қоры арқылы жүргізіліп, халықтың асыға күткен таза суының құбырын өз қолымен іске қосып берді. Президент дидарынан нұр шашылып, судың дәмін татып: «Ең таза ауызсу аралдықтарда», деп ағынан ақтарылған еді. Осы жерде тебіреніспен: «Мен Аралға көмектессем деген арманыма жеткеніме қуаныштымын!» деген тарихи сөзін айтты. Қазір осы сөз қаладағы көрнекті жерден көрініс тапқан.

Арал халқы бүгінде таза судың рахатын көріп отыр. Елбасы таза судың тұсауын кескен күнді есте қалдыру мақсатында аудан әкімдігі қаладағы С.Сейфуллин көшесінің бойына стелла орнатты. Мемлекет басшысы сол сапарында Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай, соғыстан оралмаған 6 мың аралдық боздаққа арналып салынған «Тағзым» алаңының лентасын қиып, алғашқы гүл дестесін қойды. Байырғы ата кәсіптермен қайта қауышқан ағайынға деген ерекше ілтипаты болар, Елбасы балық өсіріп жатқан Қосжар питомнигіне ат басын тіреген болатын. Сол жылдан бастап, Арал өңіріндегі су айдындарынан балық аулау көлемі жылдағыға қарағанда өсе түсті.

Елбасының елге келуі расында да аралдықтарға құт болды. «Кіші Аралды ұлы теңізден бөліп алып, жағалауды қалаға дейін жеткізуіміз керек. Ол үшін САРАТС жобасының бірінші кезеңін бастап кетуіміз қажет», деп кесіп айтқан еді. Осыдан бастап айтылған шаруаны орындау жолында қыруар жұмыстар басталып кетті. Жоба осылай жүзеге асты. Бұл бір жағы қаншама қиыншылық алдан шыққанына қарамастан, алған бетінен қайтпаған Президенттің қайсарлығын көрсетті. Сол құлшыныстың нәтижесінде қазір Кіші Арал теңізі пайда болып, қалаға төтесінен 18-ақ шақырымдай ғана жерде тұр.

Алып жобаның бірінші кезеңі бойынша «Көкарал» бөгеті тұрғызылып, «Ақлақ» су тоспасының аяқталуына байланысты көлдер жүйесін қалыптастыру, суландыру, су реттегіштер орнату, реттеу жұмыстарын атқаруға қол жеткізілді. Сыр¬дария өзенінің арнасы реттеліп, «Қара¬өзек», «Әйтек» тоспалары қайта жаң¬ғыр¬тылды. Соның нәтижесінде, бүгін¬де жан-жақтағы көлдерге су келуде. «Ақлақтың» келешегі зор. Қазіргі кезде сонда су электр станциясын салу көзделуде.

Міне, осылай, жыл озған сайын ауданның әлеу¬мет¬тік және экономикалық кө𬬬сет¬¬кіш¬терінің кө¬те¬ріңкі қалыпқа кө-терілуі халықтың тұрмысына да оң ықпалын тигізуде. Бұл күнде Елбасы назବрын¬дағы айдынды Аралдың ажары айшықты, келбеті көркем. Аралға қо¬сымша көмек көрсету мақсатында «Арал ауданының 2017-2019 жылдарға арналған жол картасының» қабыл¬дануы және осы бағыттағы іс-шараларды толық қаржыландырудың көзделуі 75 мыңнан астам халқы бар Арал жұртшылығының келер күндерге деген сенімін одан әрі нығайтты.

Бүгінгідей Тәуелсіздігіміздің ши¬рек ғасырлық мерекесі тұсында Елба¬сымыз¬дың бұдан біршама уақыт бұрын: «Қырық жыл экологиялық қасірет шеккен аудан¬ның халқы оның бар қиындығын қайыс¬пай көтеріп, нағыз қайсарлық танытты. Болашаққа сеніммен қарады, міне, енді соның жемісін көріп отыр. Жалпы, бұл өңірдің келешегі кемел» деген көрегендікпен айтқан сөзінің Арал халқына үлкен күш пен жігер бергендігін айтқымыз келеді.

Соңғы жаңалықтар