Апатқа ұшыраған тікұшақта үшінші адам болмаған - ТЖК

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Шығыс Қазақстан аумағында апатқа ұшыраған тікұшақ бортындағы адамдар санын анықтады.

 Бортта 2 адам болған: ұшқыш және жолаушы. Ал бортта үшінші адам болды деген ақпарат расталмады.

«Соңғы мәліметтерге қарағанда,  судно бортында ұшқышты қосқанда екі адам болған»,-деп нақтылады ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов

ҚР Инвестиция және даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  ұшақ апатына байланысты министрлік комиссиясы құрылып, ертең, таңертең  Шығыс Қазақстанға  аттанады.  

Еске сала кетсек, кеше кешке жеке адамға тиесілі С-341 тікұшағының ұшқышы байланысқа шықпай қалды. Оны іздеуге  бүгін таңертең облыс орталығынан бортында құтқарушылар тобы және ШҚО ТЖД басшысының орынбасары бар МИ-8, Семей қаласынан МИ-17 әскери тікұшағы ұшып шықты.  ШҚО ТЖД дағдарыс орталығында және Аягөз ауданында жедел штаб құрылды. 

Соңғы жаңалықтар