Антитеррор талаптарын елемеген қостанайлықтар миллиондап айыппұл төлейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Антитеррорлық қорғаныс талаптарын бұзғаны үшін қостанайлық кәсіпорындарға 3 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының ІІД-нен хабарлағандай, заң бұзушылықтар мемлекеттік нысандарды, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерін, өзге де кәсіпорындарды тексеру кезінде анықталып отыр. Антитеррорлық талаптарды бұзғаны үшін 9 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай облысының ІІД экстремизмге қарсы басқарма бастығы полиция полковнигі Ербол Дербісов кез келген кәсіпорынның ғимараты антитеррорлық талаптарға сай болуы керектігін айтады.

«Негізгі талап сапалы өткізу пунктіне, ақпараттық қауіпсіздік қорғанысын ұйымдастыруға, антитеррорлық қорғаныстың төлқұжатының жасалуына, профилактикалық жұмыстардың жүргізіліп, ғимарат ішіндегі қауіпті затты анықтай алатын техник персоналын дайындауға қойылады», - дейді полиция полковнигі.

Ербол Дербісовтың айтуынша, айыппұл арқалаған кәсіпорындардың басшылары бірнеше рет ескерту жасалған. Ескертуді құлаққа ілмеген олар Әкімшілік кодекстің 149-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылған.

«Аталған бап бойынша жеке және лауазымды тұлғаларға жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға екі жүз дейін, ал орта бизнес субъектілеріне үш жүз, ірі кәсіпорындарға бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Заң бұзушылық әрекеттері қайталанып жатса жаза да қатая түседі», - дейді Е.Дербісов.

Соңғы жаңалықтар