Антарктида мұзы қақ жарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Антарктикалық басқармасы ұшқышсыз құрылғының көмегімен Антарктиданың мұз қабатының жарылғанын түсіріп алған. Жарықтың ұзындығы 40 шақырымды құрайды, ал ол Halley VI ұлттық стансасының уақытша жабылуына алып келген.

Құрлықтың қиыр оңтүстігінде пайда болған мұз қайраңындағы жарық британдық ғалымдардың стансасынан небәрі 17 шақырымдай қашықтықта, ал жарықтың одан әрі ұлғаю қаупі бар. Оның не себепті пайда болғанын - жаһандық жылымықтан немесе басқа бір себептерден болғанын ғалымдар зерттеу жүргізгеннен кейін айтады.

Halley VI - Антарктидадағы Уэдделл теңізінің Бранта мұз қайраңында орналасқан британдық полярлық станса. 

 

Соңғы жаңалықтар